Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Табиғатқа жанашырлық – ұрпаққа аманат

12.11.2026, 6:00 31

Туған жердің тазалығы мен табиғаттың көркеюі – тұтас қоғамның ортақ жауапкершілігі. Қоршаған ортаны қорғау мәдениеті әр адамның санасынан басталып, отбасында, мектепте қалыптасады. Әсіресе, өскелең ұрпақтың бойына табиғатты аялау, туған өлкені қадірлеу және қоғамдық іске бейжай қарамау қасиеттерін сіңірудің маңызы аса зор.

Осы орайда Қызылорда қаласы Жамбыл атындағы №120 орта мектебінің оқушылары қоршаған ортаның тазалығы мен туған жердің көркеюі туралы өз ойларын қағазға түсіріп, азаматтық көзқарастарын білдірген. Олардың жазбаларынан табиғатқа деген жанашырлықты, тазалыққа үндеген ізгі ниетті және жарқын болашаққа деген сенімді аңғарсақ болады. Бірі «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының маңызын тілге тиек етсе, енді бірі таза ауланың таза қала қалыптастырудағы рөлін түсіндіреді.

Табиғат – адамзаттың ортақ үйі, ал оны  қорғау – әрбір  азаматтың міндеті. Таза ауа, мөлдір су, жасыл желек – жарқын болашақтың кепілі. Сондықтан, туған жерімізді таза ұстап, қоршаған ортаны қорғау әрқайсысымыз үшін маңызды.

Еліміздегі  жастарды  еңбекке  баулып, табиғатты  аялауға  шақыратын  игі  бастамалардың  бірі – «Жасыл ел»  жастар еңбек  жасағы. Бұл бағдарлама  жастарға  еңбек тәжірибесін  жинақтап,  жазғы  демалысын тиімді өткізуге  және  туған  өлкенің  көркеюіне  үлес қосуға  мүмкіндік  береді.

Менің  ойымша,  «Жасыл  елді»  жай  ғана  еңбек бағдарламасы  деп  бағамдауға  болмайды.  Ол – жастарды  отансүйгіштікке  тәрбиелейтін  маңызды жоба.  Әрбір  отырғызылған  ағаш  пен  тазартылған көше – болашаққа  жасалған  игі  қадам. Табиғатты қорғау үлкен істерден ғана емес, күнделікті қарапайым әрекеттерден басталады.

Жасыл  елді  қалыптастыру – біздің  қолымызда,  ал жарқын  болашақ  бүгінгі  әрекетімізден  басталады!

Амина НҰРСОВЕТ,

Жамбыл атындағы № 120 орта мектебінің 10 «А» сынып оқушысы,

мектеп президенті


Тазалық – мәдениеттіліктің белгісі. Әрбір адам өз ауласын таза ұстаса, қаламыз да көркейе түседі. Көшеге қоқыс тастамау, ағаш отырғызу және қоршаған ортаны қорғау – баршамыздың міндетіміз.

Таза қала өзімізден басталады. Сондықтан, әрқайсысымыз тазалықты сақтап, туған жеріміздің көркеюіне үлес қосайық! Таза аула – таза қаланың бастауы.

Тазалық – еліміздің көркі, болашақтың кепілі. «Таза Қазақстан» – қоршаған ортаны қорғауға, табиғатты аялауға бағытталған маңызды бастама.

Әрбір азамат көшені таза ұстап, қоқыс тастамай, ағаш отырғызуға үлес қосуы керек. Себебі, таза табиғат – ден­саулықтың негізі, ал таза орта – жарқын болашақтың бастауы.

Қорытындылай келе, Қазақстанның тазалығы әрқайсысымызға байланысты. Туған жерімізді аялап, табиғатты қорғасақ, болашағымыз  да  жарқын  болады!

Жасмин  ОРАЗБЕК,

Жамбыл атындағы №120 орта мектебінің 9  «А» сынып  оқушысы


Туған жер – әр адамның жүрегіне жақын, қастерлі мекені. Оның таза әрі көрікті  болуы – баршамызға ортақ  міндет. Табиғатты қорғау  арқылы  біз  болашақ ұрпаққа  жарқын  өмір  сыйлаймыз.

Қазіргі  уақытта  қоршаған ортаның  тазалығын  сақтау маңызды  мәселелердің  бірі болып  отыр. Көшеге           қоқыс тастамау, ағаш отырғызу, су мен ауаны ластамау – әр азаматтың парызы. Туған жердің  тазалығы тек  тазалықшыларға  ғана  емес, әрбір  адамға  байланысты.  Егер әрқайсысымыз  өз  ауламызды, мектебімізді  және  көшелерімізді таза ұстасақ, еліміз көркейе түседі. Әсіресе, жастар  табиғатты қорғауға  белсенді  қатысып, өзгелерге  үлгі  болуы  керек.

Туған жерді таза ұстау – ата-бабадан қалған аманат әрі келешек ұрпақ алдындағы жауапкершілік. Табиғатты аялау арқылы біз туған жерімізге деген сүйіспеншілігімізді көрсетеміз. Сондықтан  туған жердің тазалығын сақтау – бәріміздің  міндетіміз!

Каусар  ЕЛУБАЙ,

Жамбыл атындағы №120 орта мектебінің 9 «А» сынып оқушысы


Тазалық – денсаулық кепілі. Қаланың тазалығы әр ауладан басталады. Егер әр тұрғын өз ауласын, өз үйінің айналасын таза ұстаса, бүкіл қала таза болады. Қоқысты шашпау, ағаш егу, гүл отырғызу әрқайсысымыздың қолымыздан келеді.

Таза аулада балалар ауырмай өседі, көңіл күйі көтеріңкі болады. Лас аула – аурудың ошағы. Сондықтан, «таза қала» деген үлкен ұғымды «менің ауламнан» бастау керек. Бүгін аулаңды тазарт – ертең қалаң жарқырайды.

Таза аула – таза қала – таза Қазақстан!

Тазалық – мәдениеттіліктің белгісі.

Әрбір адам өз ауласын таза ұстаса, қаламыз да көркейе түседі. Көшеге қоқыс тастамау, ағаш отырғызу және қоршаған ортаны қорғау – баршамыздың міндетіміз.

Таза қала өзімізден басталады. Сондықтан, әрқайсысымыз тазалықты сақтап, туған жеріміздің көркеюіне үлес қосайық! Таза аула – таза қаланың бастауы.

Дияр  БЕРІК,

Жамбыл атындағы №120 орта мектебінің 9 «А» сынып оқушысы

Фото: ашық дереккөзден

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: