Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қауіпсіздікке бастар жол ережені сақтаудан басталады

11.11.2026, 15:00 18

«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Қызылорда облысының полицейлері жасөспірімдер арасында жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қозғалысы мәдениетін қалыптастыру бағытында профилактикалық жұмыстар жүргізуде.

Осы бағытта Қызылорда қаласындағы Мұхамедғали Сужиков атындағы №6 орта мектептің 8–9 сынып оқушыларымен кездесу ұйымдастырылды.

Кездесуге Қызылорда облысы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Н. Бақтияров қатысып, оқушыларға жол қозғалысы ережелерін сақтау, жаяу жүргіншілер қауіпсіздігі, жол белгілерінің талаптары мен жолдағы жауапкершілік жөнінде түсіндірді.

Сондай-ақ жасөспірімдерге жол үстіндегі әрбір әрекеттің салдары болуы мүмкін екені ескертіліп, қауіпсіздік талаптарын күнделікті өмірде сақтаудың маңыздылығы айтылды.

Заң мен тәртіпті сақтау – әр азаматтың міндеті. Ал жол қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарау – адам өмірін қорғаудың басты шарты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: