Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Әлеуметтік қолдау шараларының тиімділігі талқыланды

11.11.2026, 14:01 18

Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте әлеуметтік төлемдерге қатысты мәселелер талқыланып, шын мұқтаж азаматтарды қолдаудың маңызы атап өтілді.


«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы өз Жолдауында: «Мемлекеттік көмек шын мұқтаж адамдарға ғана берілуге тиіс. Үкіметтің алдында тұрған басты міндеттің бірі – осы», – деген болатын.
Қазір қоғамда талқылаулар жүріп жатыр. Бұл ретте заңдылық, ашықтық және әлеуметтік әділдік қағидаттары қатаң сақталуы тиіс. Біздің мақсатымыз – мемлекеттік қолдауды қысқарту емес, оның шын мұқтаж азаматтарға берілуін қамтамасыз ету. Осы орайда, қала, аудан әкімдіктері және жауапты басқармалар ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтуі қажет», – деді Мұрат Нәлқожаұлы.


Жиында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ғабит Жаңабаев баяндама жасады.


Күн тәртібіндегі мәселеге орай жауапты тұлғаларға бірқатар тапсырма жүктелді.

Атап айтқанда, «Отбасының цифрлық картасы» ақпараттық жүйесіндегі мәліметтердің дұрыстығы жан-жақты талданып, әлеуметтік төлемдерді тоқтатуда қолданыстағы заңнама талаптары сақталуы керек. Әрбір отбасыға құжатпен расталған шешім қабылдау, әлеуметтік қолдау тоқтатылса қиын жағдайға тап болуы мүмкін отбасыларды алдын ала анықтау, оларды қолдау шараларын қарастыру өте маңызды. Азаматтарға әлеуметтік төлемдердің қандай жағдайда қайта қаралуы мүмкін екенін нақты түсіндіру де назардан тыс қалмауы тиіс.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: