Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Басқарма басшысының жаңа орынбасары тағайындалды

11.11.2026, 10:50 27

Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары қызметіне Ляззат Шильманова тағайындалды, деп хабарлайды Halyqline.kz.

Тиісті шешім басқарма басшысының 2026 жылғы 9 қарашадағы №427 бұйрығына сәйкес қабылданған. Ляззат Маратқызы жаңа қызметіне ауысу тәртібімен тағайындалды.

Ляззат Маратқызы Шильманова 1986 жылы 2 желтоқсанда Қызылорда қаласында дүниеге келген. 2008 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Заңтану» мамандығы бойынша, ал 2016 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін «Есеп және аудит» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2008 жылы Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында жетекші маман болып бастаған. Кейін осы мекемеде бас маман және бөлім басшысы қызметтерін атқарған.

2025 жылдан бастап жаңа лауазымға тағайындалғанға дейін аталған басқарманың Әлеуметтік қолдау және сыртқы көші-қон қызметтері бөлімін басқарған.

Осылайша Ляззат Шильманова еңбек жолын бастаған мемлекеттік мекемеде басшылық қызметке көтерілді. Оның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласында 18 жылға жуық еңбек тәжірибесі бар.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: