Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Марат Ирменов Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып тағайындалды

16.11.2026, 11:55 104

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Марат Ғатаұллаұлы Ирменов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Halyqline.kz.

Тиісті кадрлық шешім бүгін жарияланды.

— Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Ғатаұллаұлы Ирменов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, – делінген Президенттің ресми хабарламасында.

Марат Ирменов бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарған. Ол бұл лауазымға 2025 жылғы 25 қазанда Мемлекет басшысының өкімімен тағайындалған болатын.

Марат Ирменов 1971 жылы Батыс Қазақстан облысының Тасқала ауданындағы Каменка ауылында дүниеге келген.

1993 жылы Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын, 1996 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің институтын, ал 2000 жылы Халықаралық құқық және нарық академиясын тәмамдаған.

1996–2000 жылдары ұлттық қауіпсіздік органдарында жедел қызметтерде жұмыс істеген. 2000 жылдан бастап осы салада басшылық лауазымдарды атқарған. Әр жылдары еліміздің бірқатар өңіріндегі ұлттық қауіпсіздік органдарында қызмет еткен.

2019 жылы Президент Жарлығымен ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры арнайы атағы берілген. II дәрежелі «Даңқ» орденімен және мемлекеттік, ведомстволық медальдармен марапатталған. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрметті қызметкері.

Айта кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермек Сағымбаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы лауазымынан босатылған еді. Ол ведомствоны 2022 жылдың қаңтарынан бері басқарып келген.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: