Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Кітап – біздің досымыз

11.11.2026, 14:50 17

HALYQLINE.KZ

Адамның ең жақын, ең адал досы кім? Біреулер үшін ол – сыныптасы, біреулер үшін ата-анасы. Ал мен үшін ең жақсы дос – кітап. Себебі, кітап ешқашан сатпайды, ренжітпейді және әрқашан жаңа нәрсе үйретеді.

Кітап – білімнің бұлағы. Оны оқыған сайын ой-өрісің кеңейеді, сөздік қорың көбейеді. Мен, әсіресе, шытырман оқиғалы ертегілер мен тарихи кітаптарды оқығанды жақсы көремін. Оларды оқығанда өзімді басқа әлемде жүргендей сезінемін. Батырлармен бірге қуанып, бірге ренжимін. Қазір бәрі телефонға қарап кетті. Бірақ телефондағы ақпарат тез ұмытылады, ал кітаптан оқыған нәрсе жүректе қалады. Кітап бізді жақсылыққа, адалдыққа, Отанды сүюге тәрбиелейді. Ол жалғыз қалғанда сырлас досыңа айналады. Шаршағанда демалдырады, көңілсіз кезде көңіліңді көтереді.

Менің үйімде кішкентай кітапханам бар. Бос уақытымда соның ішінен бір кітап алып, тыныш жерде отырып оқығанды ұнатамын.

Сондықтан кітап жай ғана қағаз емес, ол – өмір бойы қасымызда жүретін ең сенімді досымыз. Кітап оқыған адам ешқашан адаспайды. Келіңдер, кітап оқиық, кітаппен дос болайық!

Жанбота Мулимова,

№85 орта мектептің 8 «Ә» сынып оқушысы.

Қармақшы  ауданы

Фото: ашық дереккөзден

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: