HALYQLINE.KZ Аймағымыз бойынша эпидемиологиялық ахуал күрделі кезде облысымыздағы жедел жәрдем шақыртулары тәулігіне 2 жарым мың шақырыс болып, жүктеме 2 есеге артқан болатын. Қазіргі таңда ахуалдың тұрақталуына байланысты шақыртулар саны да азайды.
2020 жылдың маусым айының шақырыстың шарықтау шегімен салыстырғанда 52,7 пайыз азаюы байқалады. Ал соңғы 2 аптада жалпы орындалған жалпы шақырыс саны 39 пайызға азайды.
Оның ішінде тыныс алу жолдарының аурулары 74% азайса, жедел респираторлық вирусты инфекция жағдайлары 82,5 пайызға, пневмония жағдайлары 60 пайызға азайған.
Пневмония жағдайларымен шақыру көп кезінде науқастардың 85 пайызы стационарға жатқызылса, қазіргі таңда 45,3 пайызы тасымалданып, жатқызылу көрсеткіші 79,3 пайызы құрап отыр. Яғни, ауыр түрдегі науқастардың азайғаны анық байқалады.
Үйде қалдырылған жеңіл және орташа дәрежедегі науқастарға емханалар жанынан құрылған мобильді топтармен көмек көрсетілуде.
Шақырыс көп кезде 1-3 санаттылық бойынша бір жедел жәрдем тобына 30-35 шақырыстан келсе, қазір тәулігіне 16-18 шақырыс, 4 санатты жедел жәрдем тобына 20-22 шақырыстан орындалуда.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!