Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Әйелдерге арналған «Ұмай» ипотекасы тамыздың соңына дейін іске қосылады

11.08.2026, 15:10 57

Әйелдерге баспана алуға мүмкіндік беретін «Ұмай» ипотекалық бағдарламасы 2026 жылғы тамыз айының соңына дейін іске қосылады. Бұл туралы Үкіметтегі брифингте «Отбасы банк» басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова мәлімдеді.

Бағдарлама Азия даму банкінен тартылатын қаражат есебінен қаржыландырылады. Сондықтан «Ұмай» мемлекеттік бағдарламаға жатпайды. Қазір банк тартылатын қаражаттың болжамды құнын анықтаған.

«Әйелдер ипотекасы тартылған қаражат есебінен қаржыландырылатын жоба. Әйелдер тұрғын үйді бастапқы нарықтан да, қайталама нарықтан да сатып ала алады. Мұнда шектеу жоқ. Ең бастысы, депозит болуы керек және ондағы қаражаттың жинақталу мерзімі де маңызды. Сондықтан депозиттерді алдын ала ашуға кеңес бердік», — деді Ләззат Ибрагимова.

Бағдарламаға қатысқысы келетін азаматтарға «Отбасы банкінен» депозитті алдын ала ашып, қаражат жинай бастаған жөн. Несиелеудің нақты шарттары бағдарлама іске қосылған кезде жарияланады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: