Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Қызылорда облысында маньяк жүр»: полиция не дейді?

10.06.2026, 9:00 71

HALYQLINE.KZ

Қызылорда облысының Жаңақорған және Шиелі аудандарында болған адам өлтіру деректері бойынша қылмыстық істер қозғалды. Жүргізілген жедел-тергеу нәтижесінде екі іс бойынша да күдіктілер ұсталып, сот санкциясымен қамалды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі ақпарат таратты.

«Екі іс бойынша толық және объективті тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Барлық тергеу әрекеттері қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жүзеге асырылуда. Қылмыстық істерді тергеу барысы Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында.

Қазіргі уақытта мән-жайды анықтамастан ақпараттың шынайылығына көз жеткізбей жалған ақпарат тарату деректері орын алуда. Нақтыласақ, әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы «Қызылорда облысында маньяк жүр» деген жалған ақпарат таратылуда. Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді», — делінген хабарламада.

Полиция азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге, тексерілмеген мәліметтерді таратпауға шақырады.

Сондай-ақ жалған ақпарат таратқандарға қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

 Көрнекі сурет ашық дереккөзден алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: