Мемлекет басшысының келісімімен және Бас Прокурордың бұйрығымен 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Бауыржан Қыпшақұлы Мырзакеров Түркістан облысының прокуроры лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.
Б.Қ. Мырзакеров еңбек жолын Қапшағай гарнизоны әскери прокурорының көмекшісі болып бастаған.
Әр жылдары Сарыөзек, Өскемен, Қапшағай гарнизондарының әскери прокуроры, Бас әскери прокурордың орынбасары, Павлодар облысы прокурорының орынбасары, Бас прокуратураның Қызмет бастығының орынбасары, Қызмет бастығы, Нұр-Сұлтан қаласының прокуроры болып қызмет істеген.
2022 жылғы мамырдан Қарағанды облысының прокуроры болды.
Қызметтік міндеттерін мінсіз атқарғаны үшін I және II дәрежелі «Даңқ» ордендерімен наградталған. Прокуратураның құрметті қызметкері.
Фото: Бас прокуратура
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!