Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Атыраудағы BINOM мектебі маңында бірінші сынып оқушысы көз жұмды

06.04.2026, 11:30 61

Атырауда бүгін таңертең қайғылы жол-көлік оқиғасы болды. Нұрсая шағынауданында, Әл-Фараби атындағы BINOM мектебінің маңында автокөлік жеті жасар қызды қағып кеткен. Бұл туралы жергілікті және республикалық басылымдар хабарлады. 

Алдын ала мәлімет бойынша, бірінші сынып оқушысы мектепке бара жатып жаяу жүргіншілер өткелімен жолдан өтпек болған. Осы сәтте оны көлік қағып кеткен. Қыз алған жарақатынан жедел жәрдем жеткенге дейін оқиға орнында жан тапсырған. 

Куәгерлердің айтуынша, қайғылы жағдай өзге оқушылар мен ата-аналардың көз алдында болған. Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен дәрігерлер жедел жеткенімен, баланы аман алып қалу мүмкін болмаған. 

Қазір құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалған. 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: