Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Демалыс уақытында қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз

27.03.2026, 16:10 76

Демалыс уақытында балалардың қауіпсіздігіне ерекше мән беру қажет. Осыған байланысты ювеналды полиция бөлімшесі ата-аналар мен жасөспірімдерді сақтық шараларын қатаң ұстануға шақырады.

  1. Қоғамдық орындарда үлкендерге де, қатарластарыңызға да сыпайы болып, тәртіп пен әдеп нормаларын сақтаңыз.
  2. Көшеде және жолдың жүру бөлігінде абай болып, жол қозғалысы ережелерін қатаң ұстаныңыз.
  3. Қоғамдық көлікке міну және түсу кезінде, сондай-ақ аялдамада тұрған сәтте сақ болыңыз.
  4. Ойын кезінде белгіленген ережелерді бұзбай, өзгелерге құрметпен қараңыз.
  5. Бейтаныс адамдармен сөйлеспеңіз, олардың шақыруына немесе ұсынысына ермеңіз.
  6. Қараңғы жерлерде, құрылыс алаңдарында, бос жатқан аумақтарда, қараусыз қалған ғимараттарда, теміржол мен автожол маңында ойнамаңыз.
  7. Қайда баратыныңызды ата-анаңызға немесе жақындарыңызға алдын ала айтып жүріңіз.
  8. Ересектердің қарауынсыз және ата-ананың рұқсатынсыз өзен-көлге, су қоймаларына, орманға немесе басқа елді мекенге бармаңыз.
  9. Ауа райына сай киініп, денсаулығыңызды күтіңіз.
  10. Қараусыз жүрген иттер мен өзге де жануарларға жақындамаңыз.
  11. Үйде болған кезде өткір, кескіш, тескіш заттарды және электр құралдарын қолдануда абай болыңыз.
  12. Сіріңке, оттық және өртке себеп болуы мүмкін заттармен ойнамаңыз.

Қауіпсіздік ережелерін сақтау — өмір мен денсаулықты қорғаудың басты кепілі.

Ювеналды полиция бөлімшесі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: