20 ақпандағы сауда қорытындысы бойынша Қазақстан қор биржасы алаңында доллар бағамы 494,66 теңге деңгейінде қалыптасты.
Бір тәулік ішінде америкалық валюта 4,89 теңгеге қымбаттаған.
Еліміздегі айырбастау пункттерінде валюта бағамы шамамен мынадай:
• АҚШ доллары: сатып алу – 495–496 теңге, сату – 497–498 теңге;
• Еуро: сатып алу – 577–582 теңге, сату – 584–586 теңге;
• Ресей рублі: сатып алу – 6,32–6,39 теңге, сату – 6,44–6,51 теңге.
Сонымен қатар, Intercontinental Exchange (ICE) биржасындағы сәуір айына арналған Brent маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы барреліне 71,2 долларды құрап отыр.
Сурет Informburo.kz телеграм арнасынан алынды
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!