Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Бүгін – Мұқағали Мақатаевтың туған күні

09.02.2026, 16:05 78

Бүгін – қазақ поэзиясына ерекше серпін әкелген ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл, деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақын поэзиясының қайнар көзі, шабыт тұғыры – туған елі, өскен жері, замана тынысы. Оның «Қарлығашым, келдің бе?», «Дариға жүрек», «Аққулар ұйықтағанда», «Шуағым менің», «Соғады жүрек», «Шолпан» және т.б. жыр жинақтары, сондай-ақ, «Қош, махаббат!» атты прозалық кітаптары бар.

Сондай-ақ ақиық ақын «Социалистік Қазақстан» газетінің, «Мәдениет және тұрмыс», «Жұлдыз» журналдарының редакциясында, Қазақстан Жазушылар одағында қызмет атқарды.

Мұқағали Мақатаев – қазақ халқының шоқтығы биік ақыны. Бүгінде оның жырлары миллиондаған оқырманның жүрегіне жол тапты.

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: