Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Бүгін – Ұлттық басылым күні

02.02.2026, 11:05 53

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан журналистерін Ұлттық басылым күнімен құттықтап, бұқаралық ақпарат құралдарының қоғам өміріндегі рөліне ерекше тоқталды. Президенттің айтуынша, отандық БАҚ Әділетті Қазақстанды құруға, сондай-ақ қоғамда «Заң мен тәртіп» қағидатын орнықтыруға елеулі үлес қосып келеді.

Құттықтауында Мемлекет басшысы мерзімді баспасөз өкілдерін конституциялық реформаны және тұтас мемлекеттік жүйені жаңғыртуға бағытталған ауқымды өзгерістерді жариялау барысында конструктивті әрі жауапты ұстанымда болуға шақырды. Ақпарат саласындағы кәсіби жұмыс қоғамдағы тұрақтылық пен өзара сенімді нығайтуға ықпал ететіні атап өтілді.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев патриотизм ұғымын жауапкершілік пен жасампаздық тұрғысынан түсінудің маңызын атап өтті. Президент заңды құрметтеу арқылы егемендік пен тәуелсіздікті қорғау – ұлты мен дініне қарамастан әрбір азаматтың ортақ міндеті екенін жеткізіп, журналистердің осы маңызды іске белсенді атсалысатынына сенім білдірді. Мемлекет басшысы отандық БАҚ өкілдеріне толайым табыс пен бақ-береке тіледі.

Айта кеткен жөн, 2023 жылы  ҚР Үкіметінің қаулысымен «2 ақпан  Ұлттық басылым күні» болып бекітілді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: