Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жыр болған «Мұз айдыны» қайда?

14.01.2023, 20:20 294

Маңғыстау деген – майшелпек. Кел де, жей бер деген сөз бе?! Бастапқы бюджеті қолма-қол «желініп» кеткен Ақтау қаласындағы МҰЗ АЙДЫНЫ құрылысы сол қалпында әлі тұр. Екінші рет мерзімін ұзартқанның өзінде, былтыр жазда бітуі тиіс еді. Еш өзгеріс байқалмайды.

Енді нысан паспортындағы аяқталу мерзімін бояп өшіріп тастапты. Өйтіп кімді алдаймыз?!

Осыдан соң Маңғыстауда қысқы спорт түрлері қайдан дамиды?

Жазда күнге күйіп жүріп, арнайы бақылап кетіп едім. Қыстың боранды күнінде тағы да тексеріп қайттым.

Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов, Маңғыстау облысының әкімдігі, Ұлықбек Тналиевтен мәселе бойынша ресми жауап күтеміз!

Айбек МҰХАНОВ,

спорт журналисі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: