Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Журналистер арасында үстел теннисінен турнир өтті

27.06.2023, 15:40 174

HALYQLINE.KZ Шиелі ауданының қоғамдық даму бөлімінің тапсырысы аясында бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері арасында теннистен турнир өткізілді. Іс-шара мақсаты – салауатты өмір салтын қалыптастыру, бұқаралық спортты насихаттау.

Жарыстың ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Болатбек Ысмағұлов сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Биылғы жылы жарысқа 14 қатысушы қатысты. Жарыс нәтижесінде үздік ойын өрнегін көрсеткен “Шайрайна-Сейхун” газетінен Нұрлан Қарашаев 1-орынды иеленсе, 2-орынды Қазақстан Республикасының Журналистер одағының мүшесі, облыстық «Кызылординские вести» газетінің Шиелі ауданы бойынша меншікті тілшісі Мақсұт Ибрашев, 3 – орынды “Өскен өңір” газетінің фототілшісі Бақытжан Бәйімбет иеленді. Жеңімпаз атанғандарға және жарысқа қатысушыларға кубок, медаль, дипломдар мен сыйлықтар табысталды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: