Қызылорда облыстық білім басқармасының қолдауымен Жаңақорған ауданы Өзгент ауылындағы №224 орта мектептің ауласына заманауи спорт алаңы салынып, бүгін пайдалануға берілді. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі ақпарат таратты.
Нысанның ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Нариман Жахудаев, аудандық білім бөлімінің басшысы Жанболат Ахметжанов, ауылдың зиялы қауым өкілдері, ұстаздар мен оқушылар қатысты.
Жаңа спорт алаңының ашылуы – ауыл оқушылары үшін қуанышты жаңалық. Мұнда жасөспірімдердің спортпен тұрақты айналысуына, саламатты өмір салтын қалыптастырып, бос уақытын тиімді өткізуіне барлық жағдай жасалған.
Ашылу салтанатына орай оқушылар арасында волейболдан аудандық жарыс ұйымдастырылып, жас спортшылар өзара бақ сынады.
Айта кетейік, мұндай заманауи спорт алаңдары Жаңақорған ауданындағы №169, №51, №125, №213, №209, №184 және №194 мектептердің аулаларына да салынуда.
Жаңа спорт нысандары оқушылардың бұқаралық спортпен тұрақты айналысуына және бос уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік береді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!