Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жалақысын түгелдей қайырымдылыққа жұмсайтын мұсылман футболшы кім?

18.12.2022, 12:00 552

HALYQLINE.KZ Футболдан Марокко құрамасының басты жұлдыздарының бірі ЗИЕШ ХАКИМ командадағы жалақысын толығымен қайырымылық шараларына жұмсайды. Ол 2015 жылдан бері федерация ұсынатын еңбекақысын мұқтаждарға беріп келген, деп хабарлайды Sports.ru сайты.

Марокко құрамасының үздігі өзінің сыйақыларын түгел қайырымдылыққа жұмсайды. Ақшаның бір бөлігі елдегі жағдайы төмен отбасыларға берілсе, тағы бір бөлігін команданың қызметкерлеріне ұсынады. Ол 2015 жылдан бері ұлттық құрамада ойнап келеді. Осы аралықта футболшы өзіне бір тиын да алып қалмаған.

Зиеш Хаким – отбасындағы он баланың тоғызыншысы. Оның қайырымдылықпен айналысуына өзінің отбасылық жағдайы себеп болған. Зиеш он жасқа толғанда әкесі онкологиялық аурудан қайтыс болады. Бұл аралықта ол футболдан қол үзіп те қалған.

«Аякс» клубында ойнаған жылдары Зиеш Хаким онкологиямен күрес қорларына 185 мың еуро аударды.

Ал 2018 жылы өзімен бірге Нидерланд чемпионатында ойнап, кейін ауыр жол апатына түскен футболшы Леон де Когельдің аяққа тұруына көмектескен. Апаттың ауыр болғаны соншалық, құтқарушылар Когельді талқаны шыққан көліктен арамен кесіп, шығарып алады. Ал Когель ойнаған клуб футболшыға жалақысын төлемеген соң, Зиеш қол ұшын созады. Нәтижесінде, Леон де Когель футболға қайта оралған жоқ. Есесіне, бапкерлік қызметке кірісті.

Сондай-ақ, Зиеш жанкүйерлерге үнемі өзінің жейдесін таратады. «Челсиге» кететін кезінде ол өзінің спорттық жейдесін «Аякс» академиясындағы ойыншыларға беріп кеткен. Кейде әлеуметтік желі арқылы да сыйға тартады.

Марокко жанкүйерлерінің сүйікті ойыншысы Зиеш Хаким Нидерландта дүниеге келген.

Автор: Көркем Әли

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: