Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қыдырғали Оңғарбаев Ел біріншілігінде жеңімпаз атанды

03.03.2022, 9:40 1232

HALYQLINE.KZ Өткен апта Ақтөбеде қол күрестен ересектер арасында өткен Қазақстан чемпионатында 100 келі салмақта сынға түскен Қыдырғали Оңғарбаев қарсылас шақ келтірмей чемпион атанды. Қыдырғали сәуір айында Өзбекстанның Самарқан қаласында өтетін Азия чемпионатында бақ сынайды.

Айта кетейік, Қ.Оңғарбаев 24 қазан 1994 жылы Түркістан облысы, Шардара қаласында дүниеге келді. Қол күрестен халықаралық дәрежедегі спорт шебері және ҚР он бір дүркін жеңімпазы. Екі рет әлем чемпионы және әлем кубогының иегері. Азияның төрт дүркін чемпионы. 2019 жылы қол күрестен кәсіпқойлар арасында өткен әлемнің мықты деген ТОП-8 турниріне қатысып, үздік төрттіктен көрінді.

Айбек МҰХАНОВ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: