Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қос қазақ қола жүлде еншіледі

17.06.2023, 17:11 211

HALYQLINE.KZ

Астанада өтіп жатқан Grand Slam турнирінде 73 келіде күрескен Асқар Нарқұлов пен Данияр Шамшаев қола медаль алды.

Данияр Шамшаев қола жүлдеге таласта командалас ағасы Жансай Смағұловтан басым түсіп, осы салмақтағы бірінші нөмірлі спортшы екенін дәлелдеді.

Данияр Шамшаев әдіс жасауда

Ал Асқар Нарқұлов грузин Георги Терашвилиден басым түсті. Бұл сында Грузия дзюдошысы әдісті басын тіреп жасағаны үшін хансоку-маке (жарыстан шеттеліу – авт.) алып, жеңісті қолдан берді.

Асқар Нарқұловтың қуанышты сәті

Қазақ дзюдошыларында екі күнді қосқанда 4 медаль болды. Кеше Мағжан Шамшадин алтын, Ғұсман Қырғызбаев күміс жүлдеге қол жеткізген.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: