Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақстан құрамасы Азия пара ойындарының күміс жүлдегері атанды

27.10.2023, 13:35 149

Волейболды отырып ойнаудан Қазақстан құрамасы Азия пара ойындарының күміс жүлдесіне ие болды.
Бүгін Ханчжоуда Азия пара ойындарының волейболды отырып ойнаудан финалы өтті. Финалда Қазақстан құрамасы Иран командасымен кездесіп, ойынды 3:0 есебімен аяқтады.

Осылайша волейболды отырып ойнаудан еліміздің құрама командасы Азия Пара ойындарының күміс жүлдесіне ие болды.

Айта кетсек, Иран құрама командасы Паралимпиада ойындарының, Әлем және Азия чемпионаттарының бірнеше дүркін жеңімпаздары.

Команда құрамында өнер көрсеткен Сыр спортшылары Эрик Қасқабаев пен Шыңғыс Медеуовты Жазғы Пара Азия ойындарынан алған күміс жүлдесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: