Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақ боксшысы допинг дауына ілікті

10.04.2023, 11:10 193

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Азия чемпионатының бірнеше дүркін жүлдегері Саматәлі Төлтаев допинг қолданған деген күдікке ілінді.

Былтыр Ұлттық құраманының қайтадан бас баспкері атанған  Мырзағали Айтжанов Төлтаевты үйіне қайтарғанын айтып, барлық жайды халықаралық комиссия шешетінін айтты.

«Мен командаға келген соң, қайтадан дәрігерлерді, ғылыми кешенді топ қызметкерлерін жинап, жұмыс істей бастадық. Олар жігіттерге допинг туралы үнемі ескертіп отырады. Тіпті, көшеден су ішуге болмайтынын да ескертеміз. Ал Саматәлі достарының, таныстарының айтуымен витамин ішемін деген ойда болған. Бүгінде одан екінші сынама алынады. Халықаралық комиссия шешеді бәрін. Қазір оны үйіне қайтардық. Жаттығу жиындарында жоқ. Боксшылар мамандар мен дәрігерлердің бақылауында», – деді бас бапкер.

Төлтаевтың допинг қабылданғаны дәлелденсе, спорттан 4 жылға дейін шеттетілуі мүмкін. Спортшы Маңғыстау облысы атынан сынға түсіп жүр.

Айта кетейік, 30 сәуір мен 14 мамыр аралығында Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында бокстан Әлем чемпионаты басталады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: