Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Қайсар» футболшылары сайлауға барып, дауыс берді

20.11.2022, 13:30 171

«Қайсар» футбол клубы елдегі маңызды шараға бей жай қарамай, 206 сайлау учаскесіне елмен бірге барып, өз таңдауларын жасады.

– Бүгін еліміз үшін өте маңызды күн. «Қайсар» футбол клубы мұндай мерейлі сәтте әрдайым белсенділік танытады. Сондықтан өз таңдауымызды жасау үшін команда болып келдік. Еліміздің келбетті келешегі үшін жасалып жатқан жарқын қадам ғой. Сол себепті қазақ елінің бағы жансын деп тілек білдіремін, – деді клуб директоры Садық Мұстафа.

«Қайсардың» жас ойыншысы Ислам Әбілқасов бүгін алғаш рет өз таңдауын жасады. 18 жастағы футболшы сайлаудағы ерекше әсерімен бөлісті.

– Кәмелет жасқа толғаннан кейін алғаш рет дауыс беруге мүмкіндік алдым. Бұл – мен үшін ерекше есте қалатын сәт. Елдің болашағы үшін дауыс беріп, үлес қосқаныма қуаныштымын, – деді Ислам Әбілқасов.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: