Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мырзағали Айтжанов төрт жылдан кейін қайтадан бас бапкерлікке тағайындалды

05.01.2023, 17:45 244

HALYQLINE.KZ Жылдың басы Қазақстан бокс федерациясында ауыс-түйіспен басталды. Токио олимпиадасынан кейін ерлер құрамасына бас бапкер Қайрат Сәтжанов келген еді. Бір жыл үш ай жаттықтырған Сәтжанов – әлем чемпионатында 2 алтын, 2 күміс және 1 қола, Азия чемпионатында 3 алтын, 6 күміс және 3 қола медаль алды. Биыл Азия біріншілігінде өзбектерден жалпыкомандалық есеп бойынша жеңілдік. Ең өкініштісі, Азия чемпионатында Өзбекстан құрамасынан қалып қойдық.

Бокстан ұлттық құрама тізгінін Мырзағали Айтжанов ұстаған жылдары Лондон мен Рио олимпиадаларында шәкірттері алтынсыз келген емес. Қазақ боксы дүниежүзінде ешкімге дес бермей, бірінші едік. Бокс державасы атанған Куба, Америка, Еуропада – Ресей және Ұлыбритания елдерінен кем емеспіз. Сол кез Қазақ боксының шарықтаған шағы екен.

2013-2014 жылдары Мырзағали Құланұлы екі рет әлемнің «Үздік жаттықтырушы» атанды. Қоян жылы Қазақстан бокс құрамасына жаңа бас бапкер М.Айтжанов келді. Енді 1,5 жыл қалған Париж олимпиадасында – Айтжановтың шәкірттері алтын мен қуантады деген ойдамын.

Айбек МҰХАНОВ,

Маңғыстау облысы Ақтау қаласы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: