Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Футбол жайлы қызықты деректер

26.12.2021, 9:00 271

HALYQLINE.KZ

1) Месси 2012 жылы 91 голдың авторы атанған. Бүгінге дейін бұл рекордтың мұртын бұза қойған ешкім жоқ.

2) Криштиану Роналду – ұлттық құрама сапындағы ең көп голдың авторы. Оның еншісінде 115 гол бар.

3) Роберт Левандовский – қосалқы құрамнан шығып, 9 минуттың ішінде 5 гол соққан əлемдегі жалғыз ойыншы. Ол сол 9 минут ішінде әлемдегі ең жылдам хет-трик, ең жылдам покер және ең жылдам пента-трик авторы атанған болатын.

4) Криштиану Роналду – футбол тарихындағы ең көп голдың авторы. 20 жылдық мансабында 802 голдың авторы атанған.

5) «Футбол патшасы» Пеле – әлем чемпионатын үш рет жеңіп алған жалғыз футболшы. Ол 1958, 1962, 1970 жылдары әлем чемпионы болған.

6) Месси мен Роналду ешқашан әлем чемпионатын жеңбеген. Тек Мессиде 2014 жылы әлем чемпионатын жеңетін мүмкіндік болды. Бірақ Германия Аргентинаны 1:0 есебімен жеңіп, әлем чемпионы атанды.

7) Криштиану Роналду «Реал Мадрид» сапында үш рет қатарынан чемпиондар лигасын жеңген.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: