Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Енді қазалылық балғындар шайтанарба тебеді

30.03.2023, 15:50 166

HALYQLINE.KZ

Бүгін Қазалы ауданында велоспорт бөлімшесі ашылды. Ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тілеумбетов қатысып, велоспорт бөлімшесінің ашылуымен құттықтады:

– «Халыққа арналған» физикалық белсенді әрі қолжетімді спорт түрі велоспорт ауданымызда өте жақсы дамыған. Өзіндік ерекшеліктері мол спорттың осы бір қиын түрімен айналысып жүрген ынталы да талапты жастарымыз жетерлік. Жыл сайын жастардың осы спорт түріне қызығушылығы артып, әуесқойлар арасында веложарыстар дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді, – деді Дәурен Оңғарбайұлы.

Велоспорттан Әлем чемпионы, КСРО-ға еңбек сіңірген спорт шебері Марат Сатыбалдиев өз кезегінде бөлімшенің ашылуымен құттықтап, сәттілік тіледі.

Сонымен қатар, іс-шараға Алматы облысы федерациясының президенті, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Сергей Третьяков, ҚР төрешілер алқасы төрағасының велосипед спорты жөніндегі орынбасары Сергей Бредихин, Қызылорда облысы мәдениет және спорт басқармасының бұқаралық спорт бөлімінің басшысы Ғалым Сихымов, велосипед спорты түрлері бойынша кәсіпқой спорт клубының директоры, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Жетес Сүлейменов арнайы қатысты.

Айта кетейік, бөлімше облыс орталығындағы велосипед спорт түрлері бойынша кәсіпқой спорт клубы жанынан ашылып отыр. Мұнда 9-13 жас аралығындағы жасөспірімдер велосипедтермен және арнайы спорт киімдерімен қамтамасыз етілген.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: