Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Бокс пен күрес чемпиондары ауылдан шыққан»

09.12.2020, 15:35 504

HALYQLINE.KZ Бүгін Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палатаның жалпы отырысы өтті. Онда депутаттар дене шынықтыру және спорт мәселелеріне қатысты заң жобасын мақұлдады. Бұл туралы ҚР Парламенті баспасөз қызметі хабарлады.

Заң жобасы қолданыстағы заңнаманы бұқаралық спортты дамыту және халықты, бірінші кезекте балаларды спортпен және дене шынықтырумен айналысуға барынша тарту бөлігінде жетілдіруге бағытталған.

Құжат тұрғындарға арналған спорт үйірмелері мен секцияларын ұйымдастыратын спорт нұсқаушыларының штат бірліктерімен қамтамасыз ету және білім беру бөлімдерінде балалар мен жасөспірімдерге арналған дене шынықтыру даярлығы клубтарын ашу жөніндегі құзыреттерді жергілікті атқарушы органдарға беруді көздейді. Нұрлан Нығматулин осы заң жобасының маңыздылығын алға тарта келе:

-Осы бұқаралық спортты дамыту біздің болашағымыз үшін, оның ішінде, жастарымыз үшін өте маңызды. Себебі, бүгінгі осы еліміздің абыройын көтеріп жүрген олимпиада және әлем чемпиондары  бұқаралық  спорттан шықты. Әсіресе, бокс пен күрес чемпиондары ауылдан шыққанын білеміз. Сондықтан, спорт нұсқаушыларының жалақысын көтеру, олардың жұмыстарын ұйымдастыру Спорт  министрлігінің басты  міндеттерінің бірі болу керек, – деді.

Енгізілген жаңа нормалар бұқаралық спортты дамытып, дене шынықтыру және спорт саласында көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Заң жобасында жүріп-тұруы шектеулі адамдардың дене шынықтырумен айналысуға мүмкіндік беретін нормалар да қарастырылған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: