Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

БАҚ өкілдері арасындағы бильярд бәсекесі

24.06.2026, 15:45 64

HALYQLINE.KZ

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай журналистер арасында бильярдтан турнир ұйымдастырылды. Турнирдің ашылу салтанатына қала әкімінің орынбасары Арнұр Нұрмағанбетов қатысып, қаламгерлер қауымын кәсіби мерекелерімен құттықтады. Қазақстанның құрметті журналисі, ардагер Жұматәлі Әбдіраман қатысушыларға тілегін жеткізді. Бұл туралы Қызылорда қаласы әкімінің баспасөз қызметі ақпарат таратты.

Турнирге қатысушылар бильярдтағы шеберліктерін сынап, тартысты әрі қызықты ойын өрнегін көрсетті. Ойыншылардың жеңіске деген ұмтылысы байқалып, бәсеке жоғары деңгейде өтті.

Жарыс қорытындысы бойынша Қызылорда қоғамдық телеарнасының аға монтажері Ержан Батыршаев жеңімпаз атанып, І орынды иеленді. ІІ орын «Қазақстан» ұлттық арнасының меншікті тілшісі Әділбек Жахановқа бұйырса, ІІІ орынды «Qyzylorda» телеарнасының өкілі Жангелді Әлібаев еншіледі. Жеңімпаздарға қала әкімінің алғыс хаттары мен қаржылай сыйы табысталды.

Сондай-ақ, турнирде белсенділік танытқан бірқатар қатысушы арнайы номинациялармен марапатталды. Атап айтқанда, «Сыр бойы» газетінің бөлім басшысы Дүйсенбек Аяшұлы, бас редакторы Қуат Шарабидин және «77 ТВ» телеарнасының операторы Бақытжан Бегімбай марапатталды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: