Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ақ жол, Бауыржан!

31.01.2020, 19:47 489


Бағың ашылсын, Батори! «Қайрат» та сенің жұлдызыңды толықтай маздатып жаға алмады деп ойлаймын. Енді Әл-Айн» клубымен әлемге таныла беруіңе тілектеспін. Ал кешеден бері «Петербордың «Зениті» Исламханмен келісімшартқа отырмайтын болды» деп, мысқылдап жатқан әріптестеріміз (әсіресе, орыс тілді «жанашырларымыз»)… енді тұз жаласын. Бізде бертперде (маска) қымбаттап, қат болып бара жатқанымен, тұз әлі арзан. Ал «Зениттерің» әдірем қалсын. Көрші елдің ондай «Еркетотайына» бармағаны да дұрыс болды. Әр қазақ менің жалғызым! Қазақтың әр футболшысының шетелдік командаға барып, еліміздің атын шығарғаны – бізге абырой! Жаратқан ием бақ берсін! Тепкен добың түзу ұшсын, әрі діттеген жеріңе жетсін!

Нұрғазы Сасаев, спорт сарапшысы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: