Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Алматыда өтетін Grand Slam турнирі Астанаға ауысты

18.01.2024, 13:45 158

Отандық дзюдошылар Парижге ұпай ала ала ма?

Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) 2024 жылғы спорт кестесін жаңартты. Жаңа күнтізбеге сәйкес Qazaqstan Barysy Grand Slam сайысы Алматыдан Астана қаласына ауыстырылды. Жарыс 10-12 мамыр күндері өтеді.

Бұл сайыс Париж олимпиадасына рейтингтік ұпай беретін соңғы Grand Slam әлемдік турнирі болмақ. Grand Slam жарысының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне: І орынға – 1000, ІІ орынға – 700, ІІІ орынға – 500 ұпай беріледі.

Айта кетейік, былтыр Елордада өткізілген жарыста қазақстандық дзюдошылар 1 алтын, 1 күміс және 5 қола медаль алып, командалық есепте төртінші орын иеленген болатын.

Айбек Мұханов

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: