Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Әсел Қанай Азия ойындарында күміс алды

21.09.2026, 16:50 19

Қазақстандық каратэші Әсел Қанай Жапонияда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды. 

Әсел Қанай әйелдер арасында 61 келі салмақта кумите бағдарламасында сынға түсті. Финалда ол Қытай спортшысы Ли Гунға 8:2 есебімен жол берді. 

Қазақстандық спортшы ширек финалда Моңғолия өкілі Пуревжав Маралжингооны 9:1 есебімен жеңді. Жартылай финалда Камбоджа спортшысы Ван Чакриядан 3:0 есебімен басым түсті. 

Әсел Қанай бұған дейін 2022 жылғы Ханчжоу Азия ойындарында қола жүлде алған. Ол екі дүркін Азия чемпионы, сондай-ақ әлем чемпионаты мен Премьер-лига жарыстарының жүлдегері. 

Бұл Қазақстан құрамасының осы Азия ойындарындағы алғашқы күміс медалі болды. Каратэ құрамасы жарыстың алғашқы күнінде екі алтын жүлде жеңіп алған. 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: