Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Зейнетақы жинағын жеке басқарушыларға берушілердің саны күрт өсті

19.11.2026, 15:00 25

Қазақстанда зейнетақы жинақтарын жеке инвестициялық портфельді басқарушыларға беру көлемі күрт өсті. Қазан айында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшылары 33,5 мың аударым жасап, жеке басқарушыларға 60,7 млрд теңге берген. Соңғы екі айдағы аударымдардың жиынтық көлемі 118,8 млрд теңгеге жеткен, деп хабарлайды Halyqline.kz.

БЖЗҚ деректеріне негізделген есептеулерге сәйкес, қазан айында аударылған қаражат көлемі алдыңғы аймен салыстырғанда 4 пайызға артқанымен, аударымдар саны 16 пайызға азайған. Зейнетақы қаражатын жеке басқарушыларға беруге деген қызығушылық қыркүйек айынан бастап айтарлықтай өскен. Оған салымшыларға барлық жинақтарын жеке басқарушыларға аударуға мүмкіндік берілуі және зейнетақы жинақтарының жеткіліктілік шегінің көтерілуі ықпал еткен.

Ең назар аударарлық көрсеткіш – қыркүйек пен қазан айларында жеке басқарушыларға берілген 118,8 млрд теңге 2021 жылдың қаңтарынан бері осы мақсатта аударылған барлық зейнетақы қаражатының 40 пайызына тең. Ал соңғы екі айда жасалған 73,2 мың аударым осы тетік қолданысқа енгізілгеннен бергі аударымдардың жалпы санының 29 пайызын құрап отыр.

Айта кетейік, зейнетақы жинағын жеке басқарушыға беру қаражатты қолма-қол шешіп алу дегенді білдірмейді. Қаражат салымшының зейнетақы жинағы ретінде сақталып, инвестициялық басқаруға беріледі.

Фото: Turar Kazangapov/Tengrinews

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: