Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жұқпалы аурулар бөлімінің жұмысымен танысты

02.09.2020, 16:15 547

HALYQLINE.KZ Қазір дүниежүзін дүрліктірген «аты жаман аурудың» беті бері қарады. Бүгінгі күні аудандағы ауруханаларда жұқпалы індетпен немесе пневмониямен науқастанып жатқандар жоқ. Алайда «Сақтансаң, сақтаймын» деген сөзді ұмытпағанымыз жөн. Сондықтан да сақтық шараларын бір сәт естен шығармай, алдын алу жұмыстарын осы кезден бастап қолға алғанымыз дұрыс.

Осыған орай аудан әкімі Мұрат Ергешбаев жұқпалы аурулар бөліміне арнайы барып, дайындық жұмыстарымен танысты. Қазалы ауданаралық ауруханасының бас дәрігері Бақытгүл Әлішева дайындық барысымен таныстырып, алдағы уақытта тағы да қосымша медициналық аппараттар мен қорғаныс құралдары қажет екенін жеткізді.

Бас дәрігердің айтуынша, жұқпалы аурулар бөлімінен 35 провизорлық, 20 инфекциялық төсек орын жасақталған. Эпидемиологиялық ахуал кезінде аурухананың екінші ғимаратынан 150 инфекциялық төсек орнына бейімделсе, аудандық ауруханадан қосымша 50 төсектік провизорлық емдеу орнын ашу жоспарлануда.

Сондай-ақ, жұқпалы аурулар ғимаратының 2 блогынан оттегі дайындайтын станциял ашу үшін жұмыстар жүргізілуде. Ол үшін «ПетроҚазақстанҚұмкөл» АҚ демеушілік жасап, қаржылай көмек көрсетті.

Аудан басшысы Мұрат Ергешбаев медицина қызметкерлеріне аудан әкімдігі тарапынан қолдау әрдайым болатынын жеткізді. Осыған дейін аудандық бюджеттен қаржы бөлініп, індеттің алдын алуға қажетті заттар сатып алынды, залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Бюджет қаржысы және демеушілердің есебінен 32 дана оттегі концентраторы алынды. Алдағы уақытта қажетті заттарды алу үшін облыстық бюджеттен қаржы бөлуге ұсыныс берілді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: