Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жұмыс сапасы бақылауда

15.11.2021, 10:10 352

HALYQLINE.KZ Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласына арнайы барып, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

Бүгінгі күні Қазалы қаласындағы көшелерді асфальттау жұмыстары аяқталуға жақын. Қазіргі таңда жолшылар қаладағы С.Мұқанов көшесіне екінші асфальт қабатын төсеп жатыр.

Аудан басшысы тиісті сала басшыларына асфальт төсеу жұмыстарын мерзімінде аяқтап, сапасына аса қатты мән беруді тапсырды.

Мұнан соң Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласының екі аралығынан абаттандырылып жатқан аумаққа барып, құрылыс жұмыстарымен танысты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: