Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Үшемнің анасы: «Балаларымның жарқын болашағы үшін дауыс бердім»

05.11.2023, 10:35 353

Бүгін алғаш рет Президент бастамасымен Шиелі және Сырдария ауданында пилоттық негізде аудан әкімдерінің сайлауы өтуде.

Жергілікті тұрғындардың дауыс беру қарқыны жоғары. Олар таңмен таласа келіп, аудан үшін маңызды күнде бірлік көрсетіп, өз таңдауларын жасады.

Елеулі күнде өмірге үшем әкелген ана Әйгерім Баймұрзаева балаларымен бірге келіп, дауыс берді.

Ол Сырдария аудандық №167 сайлау учаскесіне тіркелген.

– Балаларымның жарқын болашағы үшін дауыс бердім. Елім дейтін, туған елін қадірлейтін білетін ұрпақ тәрбиелеу баршамыздың ісіміз. Бүгінгі күннің маңыздылығын балаларым сезінсін деген ниетпен ұлдарымды сайлауға әкелу әдетке айналды, – дейді үшемнің анасы.

Айта кетейік, Сырдарияда 22101, Шиеліде 50402 сайлаушы тіркелген.

Дауыс беру жергілікті уақыт таңғы сағат 07.00-ден басталып, кешкі 20.00-ге дейін жалғасады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: