Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тұңғыш Президент күніне орай ЗК-169/1 тергеу изоляторында іс-шара өткізілді

30.11.2021, 13:40 460

«Өз жұртына жұмыс істеп, еңбек сіңірген адамдарды қадірлеу – елдіктің белгісі» – деп қоғам қайраткері Халел Досмұхамедұлы айтқандай, ЗК-169/1 тергеу изоляторында қызмет атқаратын жеке құрам Тәуелсіз Қазақстанның 30 жылдық дамуындағы Тұңғыш Президенттің атқарған ерен ісін танып білді.

1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай, кадр саясат тобының ұйымдастырған іс-шараға «Барыс» пен «Жалын» тобы қатысты. Бұл екі топ төрт сынақтан тұратын тапсырмаларды орындады.  

Алғашқы тапсырмада Н.Назарбаевтың өмірі мен қызмет жолына арналған тестке жауап берді. Екінші кезеңде әр топтан бір-бір қызметкер шығып,  Елбасының әр жылдары жарық көрген кітаптары жайлы оқып, білгендерін ортаға салды. Үшінші кезең әлем саясаткерлерінің Н.Назарбаев турасында айтқан ой-пікірлеріне арналды. Ал, қорытынды төртінші сынақ кезінде, әр топ Елбасының әндерін айтып, жиналған көпшілікке патриоттық сезім сыйлады.  Бұл топтағы қатысушылардан бөлек, мекеме бастығының кезекші көмекшісі, әділет капитаны Байділдаев Руслан қоңыр дауысымен «Үшқоңыр» әнін орындаса, РжКБ-нің бақылаушысы, әділет сержанты Жұлдыз Қалжан арнау өлеңін тебірене оқып берді.

  • Бүгінгі іс-шарадан, жеке құрамның алары көп болды. Олар әлем  мойындаған феномен Н.Назарбаевтың азаматтық тұлғасынан үлгі-өнеге алып қана қоймай,  30 жыл ішіндегі тәуелсіз еліміздің дамуы жолымен де танысып шықты. Сол себепті осы іс-шара олардың бойында елжандылық қасиеттерін арттырып, болашаққа деген нық сенімдерін бекітті, – дейді мекеме бастығының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, әділет майоры Қ.Олжабаев.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: