Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тоқаев: Қаңтар үшін Ресейге қарыз емеспіз

15.06.2022, 15:20 154

HALYQLINE.KZ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қанды Қаңтар кезінде «Ресей Қазақстанды құтқарды» деген алыпқашпа әңгіменің нүктесін қойды.

«Ресейдің кейбір адамдары «Ресей Қазақстанды құтқарды», енді «Қазақстан мәңгі қарыз, Ресейдің аяғына жығылып өтуі керек» деген сөздерді айтып, көпшіліктің ойын бұрмалап жүр. Бұл – мүлде шындыққа келмейтін сөздер»,-деді Президент «Россия 24» телеарнасында журналист Андрей Кондрашовқа берген сұхбатында.

Мемлекет басшысы о бастан ҰҚШҰ бітімгерлерінің күштік әрекеттерге қатыспайтыны туралы уағдаластық болғанын атап өтті.

«Шындығында ҰҚШҰ контингенті тарапынан бірде-бір оқ атылған жоқ, олар мұнда 10 күннен артық болған жоқ», – деп атап өтті Қазақстан Президенті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: