Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ұлттық банкті Тимур Сүлейменов басқарады

04.09.2023, 9:50 239

HALYQLINE.KZ

Қазақстан Ұлттық банкін Тимур Сүлейменов басқарады. Оның кандидатурасын сенаторлар бірауыздан қолдаған.

Сенаттың жалпы отырысында депутаттар Тимур Сүлейменовтің кандидатурасын Ұлттық банк төрағасы лауазымына мақұлдады. Оның кандидатурасын президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған болатын.

Тимур Сүлейменов 1978 жылғы 5 сәуірде дүниеге келген.

2000 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «әлеуметтік саладағы экономика және менеджмент» мамандығы бойынша, 2006 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

2002 жылы Мериленд университетін (АҚШ) тәмамдаған, «қаржы және маркетинг» мамандығы бойынша бизнес магистрі. Ұлыбританиядағы алқабилік бухгалтерлер және аудиторлар қауымдастығының сертификатының иегері.

1999-2000 жылдары – Павлодар қаласы №3 отбасылық дәрігерлік амбулаториясының экономист-менеджері.

2002-2006 жылдары – Алматы қаласы «Эрнст энд Янг Казахстан» аудиторлық компаниясының аға консультанты.

2006-2009 жылдары – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ Салық есебі және салықтық жоспарлау департаментінің директоры.

2009-2010 жылдары – Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі.

2010-2012 жылдары – Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда вице-министрі.

2012-2016 жылдары – Еуразиялық экономикалық комиссиясының Экономика және қаржылық саясат жөніндегі алқа мүшесі (Министр).

2016-2019 жылдары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі. 2017 жылдың 31 наурызынан бастап «ҚазАгро» ұлттық холдингінің директорлар кеңесінің мүшесі болды.

2019 жылғы ақпан-наурыз – Ұлттық банк төрағасының орынбасары.

жылғы наурыз-шілде Қазақстан президентінің көмекшісі.

 2019 жылдың 22 шілдесінде мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалды.

 «Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» және басқа да медальдармен марапатталған.

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: