Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Түске дейін – экология министрі, түстен кейін – энергетика министрі

09.09.2021, 16:38 371

HALYQLINE.KZ

Мағзұм Мырзағалиев Энергетика министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорда хабарлайды.

«Мағзұм Маратұлы Мырзағалиев Қазақстан Республикасының Энергетика министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі лауазымынан босатылсын», – делінген құжатта.

Еске сала кетсек, бұған дейін Энергетика министрі болған Нұрлан Ноғаев министр қызметінен босатылып, Маңғыстау облысының әкімі болып тағайындалған еді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: