Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Төтенше жағдай министрі қызметіне Сырым Шәріпханов тағайындалды

10.06.2023, 16:25 151

HALYQLINE.KZ

Мемлекет басшысының өкімімен Юрий Ильиннің босап қалған орнына Төтенше жағдай министрі қызметіне Сырым Шәріпханов тағайындалды.

Сырым Дүйсенғазыұлы Шәріпханов 1967 жылы 1 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген. 1991 жылы Қазан қаласындағы М.Чистяков атындағы Зымыран әскерлерінің жоғары әскери командалық-инженерлік училищесін аяқтаған. Техника ғылымдарының докторы, генерал-майор дәрежесіндегі шені бар. Еңбек жолында азаматтық қорғаныс жүйесінде түрлі лауазымдар мен басшылық қызметтерді атқарды.

1997 жылғы маусымнан 1999 жылғы ақпанға дейін – Жамбыл облыстық төтенше жағдай басқармасының Дайындық және оқыту орталығының бастығы.

2008 жылғы қыркүйектен 2010 жылғы ақпанға дейін – Алматы қаласы Төтенше жағдай департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы.

2014 жылғы қазаннан 2020 жылғы қарашаға дейін – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдай комитетіне қарасты Көкшетау техникалық институтының бастығы.

2021 жылдың 3 қыркүйегінен бүгінге дейін – Қазақстан Республикасы Төтенше жағдай министрлігіне қарасты Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының бастығы қызметін атқарып келген.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: