Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Юрий Ильинді төтенше жағдай министрі қызметінен алып тастады

10.06.2023, 12:27 202

HALYQLINE.KZ

Абай облысында өрт жалғасып жатқан шақта президент Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай министрі Юрий Ильинді қызметінен алып тастады.

Қазақстанның шығысындағы Абай облысында орман өртін сөндіруге аптап ыстық пен жел, құмды жер және өртке кіруге қиындықтар бөгет жасап жатыр. Мұны 10 маусымда таңертең төтенше жағдай министрлігінің өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісов мәлімдеді.

“Жағдай тұрақты. Азаннан бастап ұшақпен өртті барлау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Таңғы 6-дан бастап 8 тікұшақ өртті сөндіруге кірісіп кетті. Одан бөлек, барлық техника мен жеке құрам өртті сөндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр” деді ол.

Кеше түндегі мәлімет бойынша өрт аумағы 60 мың гектарға жеткен. Таңертең Дербісов бұл жөнінде мәлімет берген жоқ.

Таңертеңнен бастап барлық қолда бар күштер жалынмен күресу үшін қайта жұмылдырылды. Өрт аймағына өрт сөндіру бригадалары мен орман шаруашылығы қызметкерлерін қолдау үшін қосымша отрядтар жіберілді.

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев өртті сөндіруге «Шығыс» ӨҚ қосымша 200 әскери қызметші мен 8 техника жібергенін атап өтті.

«Принебесное, Успенка, Каштак, Талица ауылдарының аудандарында өртті сөндіру жалғасуда. Қосымша күш Жетісу, Алматы, Қызылорда облыстарынан, Алматы және Қарағанды қалаларынан келеді. Бүгін таңертең «Шығыс» ӨҚ-ның 200 әскери қызметшісі мен 8 техникасы шықты. Жедел штабтың жұмысы тәулік бойы жалғасады. Республикалық және облыстық штабта «Қауырт желі» телефонының жұмысы ұйымдастырылды. Таңғы сағат 7-де аэровизуалды тексеру жүргізілді», – деді Ұранхаев.

Айта кетейік, бүгін орнынан алынған Юрий Ильин министрлікке 2020 жылдың қыркүйек айынан бастап басшылық жасап келді. Абай облысында бір айға толмайтын уақытта қатарынан екі рет үлкен өртке жол беріп, табиғатқа өте көп көлемде залал келтірді. Залалдың нақты саны әлі есептелген жоқ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: