Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды

24.05.2022, 13:05 1483

HALYQLINE.KZ Қала әкімінің 2022 жылғы 23 мамырдағы өкімімен Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары лауазымына Нұрмағанбетов Руслан Аймұрзаұлы тағайындалды.

Руслан Аймұрзаұлы 1983 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Жоғары білімді.

2006 жылы Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетін «Технологиялық кешендердің электр жетегі және автоматтандырылуы» мамандығы, 2009 жылы «Болашақ» университетін «Экономика» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2006 жылы «Энергомонтаж автоматика» ЖШС-де инженер-бағдарламашы ретінде бастаған.

2007-2014 ж.ж Қызылорда облыстық қаржы департаментінде, облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасында, облыстық энергетикалық қадағалау және бақылау басқармасында жауапты қызметтерді атқарған.

2014-2015 ж.ж Қызылорда облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары;

2015-2017 ж.ж «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ директорының орынбасары;

2017-2020 ж.ж «Қызылорда жылу электр орталығы» мекемесінің директоры;

2020-2021 ж.ж Қызылорда облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы;

2021 жылдан бастап осы кезге дейін ҚР Энергетика министрлігі «Жаңартылатын энергия көздері департаменті» мекемесінде басқарма басшысы қызметін атқарып келді.

Руслан Аймұрзаұлы қаланың құрылыс, сәулет және қалақұрылысы, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, қоғамдық көлік, мемлекеттік сатып алу және тұрғын үй инспекциясы саласына жетекшілік ететін болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: