Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Құрылыс бөлімінің басшысы тағайындалды

01.04.2024, 10:05 82

HALYQLINE.KZ Қызылорда қаласының әкімі Серік Қожаниязов актив отырысында құрылыс бөлімінің жаңа басшысын таныстырды. Бұл лауазымға Сырлыбаев Дінмұхамбет Мұратбекұлы тағайындалды.

Дінмұхамбет Мұратбекұлы 1989 жылы дүниеге келген. Жоғары білімді. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде құрылысшы мамандығы бойынша білім алған.

Еңбек жолын 2012 жылы «Қызылорда қалалық тұрғын үй иснпекциясы» ММ-де инспектор қызметінен бастаған.

2015-2018 ж.ж. «Қызылорда қалалық жер қатынастары бөлімі» ММ-де бас маман;

2018-2020 ж.ж. «Қызылорда қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-де бас маман;

2020-2022 ж.ж. «Қызылорда қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» КММ сектор меңгерушісі, бөлім басшысының орынбасары;

2022-2023 ж.ж. «Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ-де бөлім басшысы;

2023 жылдың мамыр айынан бастап осы кезге дейін қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы қызметін атқарып келді.

Ал, бұған дейін қалалық құрылыс бөлімінің басшысы болған Әнуар Айдын Серікұлы Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары лауазымына ауысуына байланысты қызметінен босатылған болатын. Айдын Серікұлына шаһардың дамуына қосқан зор үлесі үшін Қызылорда қаласының ең жоғарғы марапаты «Құрмет» грамотасы табысталды. Актив отырысында қалалық мәслихат төрағасы Ибадулла Құттықожаев пен облыстағы Құрылысшылар Ассоциациясының төрағасы Манарбек Еспенбетов Айдын Серікұлының құрылыс саласында өзіндік қолтаңбасын қалдырғандығын айтып, жаңадан тағайындалған Дінмұханбет Мұратбекұлының қызметіне сәттілік тіледі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: