Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қорқыт ата университетінде жаңа проректорлар тағайындалды

21.05.2026, 13:15 374

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде жаңа проректорлар тағайындалды. Бұл туралы универистеттің медиа орталығы жазды.

Оқу орнының Басқарма төрағасы – Ректор Наурызбай Байқадамов аппарат мәжілісінде жаңадан тағайындалған басшылық құрамды таныстырды.

Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор қызметіне Уалихан Ибраев тағайындалды. Ал Стратегиялық даму және IT жөніндегі проректор лауазымын Баянәлі Досжанов атқаратын болды.

Мәжіліс барысында ректор жаңа проректорларға университеттің алдағы дамуына қатысты бірқатар міндет жүктелетінін айтты. Атап айтқанда, білім беру сапасын арттыру, цифрландыру жұмысын жүйелеу, студенттердің әлеуметтік жағдайын жақсарту және тәрбие бағытын тиімді ұйымдастыру мәселелері сөз болды.

Университет медиа орталығының мәліметінше, жаңа тағайындаулар оқу орнының басқару жүйесін жетілдіру және стратегиялық бағыттағы жұмыстарды күшейту мақсатында жүзеге асырылып отыр.

Коллаж: Halyqline.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: