Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазалы аудандық полиция бөлімінің бастығы тағайындалды

21.04.2023, 18:00 1052

HALYQLINE.KZ

Қызылорда облысы Полиция департаментінің Қазалы аудандық полиция бөлімінің бастығы лауазымына Асылбай Аңсатов тағайындалды., деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Аудандық полиция бөлімінің жаңа бастығын Полиция департаменті бастығының орынбасары Жұмағұлов Ілияс Байжұманұлы таныстырды.

Аудан әкімдігінде өткен аталмыш жиынға облыстық, аудандық мәслихат депутаттары, қала, кент әкімдері мен дербес бөлімдер, мекеме, құқық қорғау органдарының басшылары және мектеп директорлары қатысты.

Аңсатов Асылбай Шудабайұлы ішкі істер органдарында 2008 жылдан бастап қызмет етеді. Басшылық лауазымдарда тәжірибесі мол. Полиция департаменті бастығының орынбасары Ілияс Байжұманұлы аудандық полиция бөлімінің жаңа басшысын таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: