Талғар қаласына жаңа әкім сайланды. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады halyqline.kz тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
Талғар қаласының әкімі болып Нұрхан Әділхан Лесханұлы тағайындалды.
Жаңа әкім 1981 жылы Жамбыл облысы Тараз қаласында дүниеге келген. Жоғары білімді. М.Х. Дулати атындағы Тараз университетін «құқықтану» және «қаржы және экономика» мамандықтары бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолында Жамбыл облысында экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес органдарында, Талғар аудандық әділет басқармасында, Алматы облысы Әділет департаментінде түрлі басшылық қызметтер атқарған. Сонымен қатар мемлекеттік және жеке секторда да тәжірибесі бар.
Фото: Талғар ауданының әкімдігі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!