Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Облыстық кітапхананың басшысы тағайындалды

15.04.2026, 16:20 73

Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының бұйрығымен Көзейбаев Сапар Алиясқарұлы ауысу тәртібімен Әбділда Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының басшысы лауазымына тағайындалды. Бұл туралы басқарманың ресми парақшасы жазды.

Көзейбаев Сапар Алиясқарұлы 1996 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Тарих» факультетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

1997-1999 жылдары Қызылорда қаласындағы № 7 орта мектептің тарих пәнінің оқытушысы, 1999-2002 жылдары Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің экскурсиялық-көпшілік бөлімінің аға ғылыми қызметкері, 2002-2009 жылдары Қорқыт ата музейінің меңгерушісі, 2009-2014 жылдары «Алиякбар ата Агро» шаруа қожалығының төрағасы, 2014-2019 жылдары Қызылорда облыстық тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің басшысы, 2019-2020 жылдары Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Отырар мемлекеттік археологиялық қорық музейі» РМҚК директоры, 2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің басшысы қызметтерін атқарды.

Қазақстан Республикасының «Шапағат» медалінің, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: