Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Облыс прокуроры тағайындалды

28.05.2026, 11:45 61

Мемлекет басшысының келісімімен және Бас Прокурордың бұйрығымен аға әділет кеңесшісі Ержан Ерғанатұлы Дүйсекенов Солтүстік Қазақстан облысының прокуроры лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

Е.Е. Дүйсекенов еңбек жолын Екібастұз қаласы прокурорының көмекшісі болып бастады.

Әр жылдары Екібастұз қаласы прокурорының орынбасары, Павлодар облысы прокурорының аға көмекшісі, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің Павлодар облысы бойынша департаментінің бастығы лауазымдарын атқарды.

2023 жылғы қыркүйектен Павлодар облысы прокурорының бірінші орынбасары лауазымында қызмет етті.

Қызметтік міндеттерін мінсіз атқарғаны үшін «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен наградталған. Прокуратураның құрметті қызметкері.

Фото: Бас прокуратура

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: