Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Облыс әкімі аппаратының басшысы тағайындалды

27.04.2022, 9:05 163

HALYQLINE.KZ

Облыс әкімі аппаратының басшысы қызметіне Шахмардан Байманов тағайындалды.

«Шахмардан Асқарұлы – жергілікті және орталық мемлекеттік органдарда жауапты қызметтер атқарған тәжірибелі әрі білікті маман. Республикалық деңгейдегі жастар ұйымдарының жетекшісі ретінде елімізде жастар саясатының дамуына үлкен үлес қосқан азамат. Яғни, қоғамдық жұмыстарда да, мемлекеттік қызметте де тәжірибесі мол, жоғары басқару сатыларынан өткен.

Осы кезге дейін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті төрағасының орынбасары, төрағасы қызметін атқарып, осы салада бірнеше министрмен табысты жұмыс істеп, өз білімі мен біліктілігін дәлелдеген.

Республика деңгейіндегі жоғары лауазымдардан мол тәжірибе жинап, туған жерге қызмет етемін деген мақсатпен облыс әкімі аппараты басшысы қызметіне тағайындалды», – деді облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев.

Аймақ басшысы Шахмардан Баймановқа аймақты өркендету жолында жастық жігері мен кәсіби әлеуетін жұмсап, облыс әкімі аппаратының жұмысын ұтымды ұйымдастыруға және қоғаммен байланысты жаңаша деңгейге шығаруға зор үлес қосатынына сенім білдірді.

© Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: